• Главная
  • Қазақстандағы ойынқұмарларға қолдау орталығы алғаш Атырауда ашылды
12:00, 14 сентября 2023 г.

Қазақстандағы ойынқұмарларға қолдау орталығы алғаш Атырауда ашылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

«Жаңа өмір» ойынқұмарларға қолдау орталығын ашу идеясын қала тұрғындары Нұртас Нұрғалиұлы және Тимур Рамазанов ұсынған. Бұған себеп қос азамат та бұрын құмар ойынның зардабын тартқан. Ұсынылған жобаға «Respublica» партиясы Атырау облыстық филиалы қолдау көрсетіп отыр. Қазіргі таңда орталық қарқынды жұмыс атқаруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Әлем лудоманияның ауру екенін анықтады. Өкінішке орай бұл психологиялық дертті емдейтін ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Құмар ойынның соңы өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соғуда. Өткен жылы елімізде 3676 суицид тіркелсе, мұның 40 пайызы лудомандар. Қазіргі уақытта қолдау орталығында 11 азамат психологиялық қолдау көріп, маман кеңестерін алуда. Барлығы анонимді түрде өтеді. Бір қызығы 90 пайыз лудомандар есепті шемішкеше шағатын азаматтар. Осы дүние бізді таңғалдыруда,- деді «Respublica» партиясы Атырау облыстық филиалының өкілі, партия мүшесі Талғат Ағысов.

Қолдау орталығына келген азаматтарға жеке-жеке көңіл бөлініп, отбасылық психолог көмегімен қатар, заңгер мамандарымыздың кеңесін алуына болады. Бір қызығы - мұндағы методикалардың барлығын бұрынғы құмар ойыншылар енгізген. 

Менің құмар ойынның арбауында болғаныма 12 жыл болды. Алғашқы бәсімді 9 сыныпта тігіппін. Өкішке орай, бірінші бәсім жеңісті болып, бұл жеңістің эмоциясы 12 жылға созылды. Отбасымның, достарымның алдындағы абыройдан арылдым. Екі мәрте өз-өзіме қол жұмсамақ болдым. 2021 жылы өзімнің «лудаман» екенімді мойындап, арнайы мамандарға қаралып, қазір толық бұл дүниемен қош айтыстым. Дерттен айығудың алғашқы қадамы, өзіңді-өзің мойындай білу,- деді Нұртас Нұрғалиұлы. 

«Respublica» партиясы құмар ойындарының жарнамасын толық жоюдан бұрын, халықтың санасына бұл дүниенің қауіпті екенін ұғындыруымыз керек деп отыр. Жарнамаға тиым салынғанмен, ауру адам амалын табатынын айтуда. Сол себепті партия филиалы, мектеп жасындағы оқушыларға қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер оқуды жиілетпек.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ойыншыларға көмек орталығы
Объявления
live comments feed...