16:00, 12 сентября 2023 г.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өңірдегі сегіз бекеттің бесіншісіне табан тіреді
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Самрук-Қазына және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ауқымды әлеуметтік жобасы Саламатты Қазақстан жүзеге асырылуда, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Бүгінде медициналық пойыз жетпіс бекетті аралап, 2 қыркүйекте Атырау өңіріне келді. Медициналық пойыз өңірдегі сегіз бекеттің бесіншісі – Аққыстау станциясына екі күндік табан тіреді. Осыған орай «Samruk-Kazyna Trust» пойыз қызметімен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Баспасөз туры барысында ауыл тұрғындары журналистермен пікір алмасып, медициналық пойыздың шалғай аумақтағы ауыл халқы үшін тиімді екенін жеткізді.
Кездесуде Исатай ауданының әкімі сөз сөйлеп, халыққа жылы лебізін білдірді.
- Осы жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсан аралығында дәрігер, медиатор, заңгерлер мен психологтардан тұратын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шыққан болатын. Бұл пойыз еліміздің 17 өңірінде болады. Атырау өңіріне 2 қыркүйек күні келді. Арнайы республикалық деңгейдегі БАҚ өкілдері, ҚР Президенті әкімшілігінің Әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері және «Samruk-Kazyna» компаниясының арнайы мамандары келіп, медициналық пойыздың жұмыс барысымен танысты. Осы орайда аудан тұрғындарын спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын, - деді П.Хасанов.
Аталған жоба шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің жоқтығы және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері аясында туындаған. Жоспар бойынша әлеуметтік медициналық пойыз облыстың сегіз елді мекендегі станцияға тоқтайды. Жоба аясында медициналық пойыз еліміздің шалғай аумақтарындағы 70-ке жуық станцияны аралап, 45 мың адамға көмек көрсетті. Бұған қоса 5000-нан аса жанға ота жасап үлгерді.
Сондай-ақ биыл әйелдер және отбасы ұлттық комиссия бастамасымен жоба құрамына қосылған психолог, медиатор және заңгер мамандары 560-қа жуық адамға кеңес берген.
Айта кетейік, баспасөз турын ұйымдастырушылар алдағы уақытта 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны негізгі емдік-консультациялық қызмет алады деп жоспарлауда. Сәуір айынан басталған медициналық пойыз өз жұмысын 6 желтоқсанға дейін жалғастыратын болады. Сонымен қатар биыл «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 120-дан астам станцияға барады деп күтілуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
15
12:31, 2 декабря
live comments feed...