
12:00, 12 сентября 2023 г.
Құрманғазыда «Балақай» түзете-дамыту кабинеті ашылды

фото: Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрманғазы аудандық емханасынан «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық қорының «Балақай» түзете-дамыту кабинеті ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Коррекциялық кабинет ерекше балалардың ақыл-ойын дамытуға, мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды түзете-дамытуға арналған. Түзету кабинеті «Теңізшевройл» ЖШС компаниясының қаржылық қолдауымен «Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігінің «Инклюзивті білім» жобасы аясында жүзеге асып отыр.
-Бұл жоба арнайы қажеттіліктері бар балалардың, білім беру мекемелеріндегі инклюзивті сыныптарда оқу мүмкіндігін әлдеқайда арттыратын болады. Мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтендіріліп, тең ортаға көптеп қосылады деген жоспар бар,- деді «Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігі төрағасы Ләйла Сұлтанбаева.
Айта кетейік, қазіргі уақытта аудан бойынша 298 ерекше бала бар. Аталған кабинет айына 40-қа жуық баланы қабылдауға қауқарлы.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:27
21 сентября
18:35
18 сентября
17:57
18 сентября
18:07
17 сентября
18:08
16 сентября
17:38
16 сентября
Объявления
11:32, 10 сентября
11:07, 14 сентября
12
11:29, 18 сентября
15
09:50, 1 августа