• Главная
  • Атырауда «Біз бағындырған белес» атты салтанатты іс-шара өтті
19:00, 9 сентября 2023 г.

Атырауда «Біз бағындырған белес» атты салтанатты іс-шара өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аталған оқу ордасының 10 жылдығына орай «Біз бағындырған белес» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мерейтойға орай, «Мектептің 10 жыл ішіндегі жетістіктері», «Мектеп тарихы» тақырыптарындағы арнайы фотокөрме, сондай-ақ, оқушылардың сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығынан, «Менің мектебім» үздік шығармаларынан, оқушылардың үздік ғылыми жобалары мен жетістіктерінен көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ қонақтар үшін қызықты химиялық тәжірибелер оқу орнының дәлізінде арнайы көрсетілді.

Ал, 10 жыл ішіндегі басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар, әлемнің түкпір-түікпірінен бас біріктірген түлектер, ұжым мүшелері, оқушылар қатысқан іс-шараның негізгі концерттік бағдарламасында мектеп өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. 

Іс-шарада мектеп басшысы Ералы Бижанов құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның жетістіктерімен бөлісті.

- Мектеп осы 10 жыл ішінде басқан қадамына күш бітіріп, аяғына нық тұрып, білім әлеміне қазығын нық қадады. Түрлі көз қуантарлық, көңіл көншітерлік жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Біздің ең басты байлығымыз - бізден сапалы білім алып шыққан аяулы түлектеріміз, олардың ізін жалғап келе жатқан ойлы оқушыларымыз. Қанат қаққан әр түлек біздің зор мақтанышымыз. Ұжымдағы әрбір адамның орны бөлек. Әр қызметкер зияткер балаларды тәрбиелеу жолында тынбай еңбек етуде. Біз мектеп әкімшілігі атынан мектептің 10 жылдық тарихында ізі қалған әрбір қызметкерлерге, бізге ұл-қыздарын үкілі сеніммен жетелеп әкелген ардақты ата-анаға және ең бастысы зияткер оқушыларды білім нәрімен сусындатып, болашағына даңғыл жол салып берген ұстаздарға алғыс білдіреміз. Бұл тек мектептің ғана емес еселі еңбектің, толағай табыстың, ірілі-ұсақты жеңістің, салмақты сенімнің, ақталған үміттің 10 жылы,- деді ол.

Айта кетейік, 2013 жылы іргесі қаланған зияткерлер мекенінде бүгінде 720 оқушы білім алуда. 10 жылдық тарихында 986 түлек түлеткен оқу ордасын өткен оқу жылының өзінде 66 түлек бітіріп, олардың 18-і әлемнің алпауыт жоғары оқу орындарына қабылданды. Қазіргі таңда NIS түлектері АҚШ, Канада, Корея, Италия, Германия, Венгрия, Түркия елдерінде білім алуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #НИШ #10 жыл
Объявления
live comments feed...