• Главная
  • Атырауда «Тіл бірлігі - ел бірлігі» атты салтанатты іс-шара өтті
17:00, 6 сентября 2023 г.

Атырауда «Тіл бірлігі - ел бірлігі» атты салтанатты іс-шара өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен, «Тіл бірлігі - ел бірлігі» атты салтанатты іс-шара өтті. Ол 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған шараға Атырау облысының әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы және тіл жанашырлары қатысты.

Мәдени шарада Атырау облысының әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев атаулы мерекемен құттықтады.

- Қазақ тілін қолдану аясы бойынша облысымыз республикалық деңгейде алдыңғы қатарда. Бірақ бұл тұрғыда біз басқа да ұлт өкілдерінің туған тілдерін қолдануға шек қоймаймыз. Бұл - ұлтаралық татулықтың негізгі көрсеткіші. Тіл тұғыры әрдайым биік болсын!,- деді Ж.Бисембиев.

Жиында этномәдени бірлестіктер төрағалары мен тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігінің, Атырау облыстық мәслихатының, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мәдени жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #іс-шара
Объявления
live comments feed...