• Главная
  • Атырауда Махамбет оқулары қорытындыланды
14:00, 6 сентября 2023 г.

Атырауда Махамбет оқулары қорытындыланды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Қазақстан халқы тілдері күнінде, М.Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Шашақты найза қолға алып…» атты қалалық ашық Махамбет оқулары өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов арнайы қатысып, атыраулықтарды атаулы күнмен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Баршаңызды бүгінгі мереке - Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймын! Бүгін өр рухты Махамбет бабамыздың өлеңдерімен сусындаған жастарымыздың өнерін көрсетуге жасаған мүмкіндік ретінде осы шара ұйымдастырылып отыр. Бұл шара біз үшін өте маңызды. Себебі ертеңгі Жаңа Қазақстанның, қасиетті қазақ елінің рухын көтеретін, жарқын болашағы болатын осы жастарымыз. Сайысқа қатысудағы негізгі мақсат жеңу емес, сіздердің бойларыңыздағы асыл қасиеттеріңіз бен өнерлеріңізді көрсету деп білемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қазақ жастарының рухы мықты болсын! - деді Н.Ермұханов.

Аталған сайысқа 14-35 жас аралығындағы он бір көркемсөз шебері қатысты. Сайыстың шарттары мен талаптарына сай қатысушылар Махамбет шығармаларын қазылар алқасының сұрауы бойынша кез келгенін жатқа оқып беруі шарт. Сондай-ақ үміткеріміздің өз туындысы болатын болса, оған рұқсат етіледі. Ал оқылған өлеңдердің мәнерлеп оқылуы негізге алынады. 

Нәтижесінде жүлделі I-орынды махамбеттік, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің студенті Ерлан Баймұханов иеленсе, Талқайран ауылдық округінен қатысқан Нариман Бисенғалиев II-орынды иемденді. Ал Мақат аудандық мәдениет үйінің әдіскері Асылбек Есжан мен Дамба селолық округі Амангелді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ақбота Рамазан III-орынға табан тіреді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Махамбет оқулары
Объявления
live comments feed...