• Главная
  • Махамбет ауылында 600 орындық жаңа мектеп 300 орындық интернатымен пайдалануға берілді
16:00, 2 сентября 2023 г.

Махамбет ауылында 600 орындық жаңа мектеп 300 орындық интернатымен пайдалануға берілді

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аталған мектепте мәжіліс залы, спорт зал, асхана, 27 оқу кабинеті бар. Тапсырыс беруші облыстық Құрылыс басқармасы. Оқу орнының құрылыс жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 3 млрд 302 млн 488 мың теңге қаржы қаралған.

Мектептің ашылу салтанында сөз алған аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. 

- ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында: Мектеп салу – Үкімет және әкімдіктердің басты міндеттерінің бірі. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс, деген болатын. Біз де облыс әкімдігі тарапынан Президент тапсырмасын орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Соның бір айғағы - осы бүгінгі құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген жаңа мектеп ғимраты. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Осында оқитын оқушылар заман талабына сай жақсы, терең білім алады деп сенеміз,- деді аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев.

Салтанатты шарада құрылыс жұмысын жүргізген мердігер мекеме «БатысАльянсстрой» ЖШС директоры Жаңабай Жұбанов мектеп директоры Т.Ідіркеноваға білім ордасының кілтін табыс етті. Одан әрі аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев пен ардагер ұстаз М.Есенғалиев жаңа ғимараттың тұсауын кесті. 

Аудандық білім бөлімінің басшысы В.Қабышеваның айтуынша, жаңа ғимаратқа аудан орталығындағы апатты жағдайда тұрған Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы толықтай көшірілген. Ал жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын 630 бала аттап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мектеп #интернат
Объявления
live comments feed...