• Главная
  • Жангелдин ауылының 920 метр кірме жолын жарықтандыру жұмысы жүргізілуде
10:00, 1 сентября 2023 г.

Жангелдин ауылының 920 метр кірме жолын жарықтандыру жұмысы жүргізілуде

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жангелдин ауылының 920 метр кірме жолын жарықтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде 37 дана заманауи үлгідегі алты қырлы бағандар мен жарықшамдар орнатылып жатыр. 

-Әлбетте,  әкімшілік құқық бұзушылықтар мен  жол көлік оқиғалараның алдын-алу - басты мақсат. Сондықтан, көшенің жарық болуы өте маңызды. Қазіргі уақытта «Invent team» ЖШС мердігер деп танылып, жұмысты бастап кетті. Құрылыс жұмыстары бір айға жоспарланған, қыркүйек айында толық аяқталады деп күтілуде. Келісімшарт құны - 27 миллион 606  мың теңге,- деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Кенжебек Камалиденов.

Айта кетейік, Жангелдин ауылында 286 үй болса, тұрғын саны 1646.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #кірме жол
Объявления
live comments feed...