• Главная
  • Индер ауданында 192 отбасыға пәтер берілді
17:00, 27 августа 2023 г.

Индер ауданында 192 отбасыға пәтер берілді

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Индербор кенті, Көктем шағын ауданында төрт 48 пәтерлік тұрғын үйді тұрғындарға табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев сөз сөйлеп,  пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтап, кілттерді табыстады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үй 192 отбасыға берліп отыр. Оның ішінде 106 көп балалы отбасыға, 69 халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына, 17 ата-ана қамқорлығыңсыз қалған балаларға табысталды. 

Айта кетейік, Индер ауданында 32 мыңнан астам халық болса, Индербор кентінде 19 мыңнан астам тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #отбасылар #пәтерлер
Объявления
live comments feed...