• Главная
  • Құрманғазы ауданында 3732 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жиналды
15:00, 27 августа 2023 г.

Құрманғазы ауданында 3732 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жиналды

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Биыл аудан көлемі бойынша 60 шаруа қожалығы мен жеке тұрғындар барлығы 907 гектар жерге егін еккен. Аталған 907 гектардың 395 гектары яғни 44 пайызы шаруа қожалықтарына тиесілі болса, 56 пайызы, яғни 512 гектар жер тұрғындар еншісінде.

-Бөлінген жердің 347 гектарына картоп, 212 гектарға көкөніс, 94 гектарға бақша өнімдері, 254 гектарға мал азықтық дақылдары егілген.  Ал егістік орнын дайындау мақсатында 3 тонна тыңайтқыш қолданылған. Науқандық жұмыстарға 27 доңғалақты трактор, 2 шынжыр табанды трактор, 9 әртүрлі ауыл шаруашылық агрегаттары (культиватор, сеялка, плуг т.б.) тартылып, 130 азамат егістік жұмыстарымен қамтылып отыр,- деді Құрманғазы ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Саламат Қабдолов.   

Оның айтуынша, бүгінде егілген егіннің 361 гектары жиналып, одан 3732 тонна өнім алынған. Жалпы осы жылға 9500 тонна өнім алу көзделуде. Ал науқан 15 қазанға дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #егін
Объявления
live comments feed...