• Главная
  • Құрманғазы ауданының Жапырық және Бұзауслан елді мекендеріне таза ауыз су берілді
17:00, 18 августа 2023 г.

Құрманғазы ауданының Жапырық және Бұзауслан елді мекендеріне таза ауыз су берілді

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданының Жапырық және Бұзауслан ауылдарының тұрғындары су құбырынан иісі сасық көгерген су жүргенін жарияланған еді. Оқиғаның мән-жайымен танысу үшін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, аудан әкімі Абат Жанғалиев жағдайды тексерді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы ауылдық округінде Шарон өзенінен шығатын Бұзауслан өзегінің сағасы тартылып, су деңгейі төмендеп, сапасының нашарлауына байланысты, биылғы жылдың 5-16 тамыз  аралығында су беру тоқтатылды. Алайда тұрғындарға таза ауыз су автокөлікпен тегін тасымалданды. 

Десе де сол аралықта тұрғындарды  сапалы таза ауыз сумен қамту мәселесін шешіліп,  «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырынан Құрманғазы ауылдық округіне тиесілі 2 су тазарту қондырғыларына ауыз су берілді. Қазіргі уақытта Бұзауслан өзегін түп тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Құрманғазы, Еңбекші, Алға ауылдық округтері «Астрахань - Маңғышлақ» магистральды су құбырына қосылып, тұрғындарға таза ауыз су берілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Жапырақ #Бузауслан #ауыз су
Объявления
live comments feed...