• Главная
  • Атырау облысы әкімдігі мен «Бәйтерек» холдингі арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды
13:00, 18 августа 2023 г.

Атырау облысы әкімдігі мен «Бәйтерек» холдингі арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесуде Серік Шәпкенов облыстың даму үдерісіне «Бәйтерек» холдингі тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар аймақта қандай да бір жобаларды іске асыру үшін өндіріске қолайлы өңір екенін баса айтты. 

- Бүгінгі жиында өзекті мәселелер көтеріліп, айтылатын ұсыныс-пікірлер оң шешімін табарына сенімдіміз. Атырау облысын дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға әркез дайынбыз. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде қазіргі заманға сай кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес қолдау, бизнес-климатты үнемі жақсарту – еліміздің ең маңызды стратегиялық мақсаттарының қатарында. Осы сәтті пайдаланып, өңіріміздің ахуалына көңіл аударып, арнайы келгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Облыста холдингпен бірлесіп, ортақ істеліп жатқан игі істер де бар. Алдағы уақытта  бірнеше жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Сол жұмыстарды абыройлы атқарарымызға сенемін,-деді С.Шәпкенов. 

Жиында Атырау облысының даму келешегі, инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері және Холдингтің қолдау құралдары арқылы бірлескен жобаларды іске асыру жайы талқыланды. Сонымен қатар «KPI Inc.» компаниясының мұнай кластерін одан әрі дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бағытында субсидиялау үшін қаржы бөлу, агроөнеркәсіпті дамыту, тұрғын үй кешенін салу мәселелері көтерілді. 

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында Атырау облысының орны ерекше екенін, өңірдің дамуы холдингтің басты назарында екенін айтты.

- Атырау облысындағы шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлеміз. Аймақтың дамуына одан әрі үлес қосу мақсатында бүгін арнайы жұмыс сапарымен келдік. Қазір барлық жауапты сала маманы бас қосып, көтерілген мәселелерге оң шешім қабылдаймыз. Мұнда талқыланған жобалардың бәрі менің жеке бақылауымда болады. Осы ретте, Атырауда агроөнеркәсіпті дамыту шараларын қолдауға қажетті қаржыны жергілікті атқарушы орган мен аграрлық несие корпорациясы бірлесе бөліп, ортақ жауапкершілік алу қажеттігін атап өткім келеді. Атырау облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобалар әлі жалғасады, - деді Қ.Шарлапаев.

Айта кету керек,  «Бәйтерек» холдингі «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық 2023-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына» сәйкес, қазіргі уақытта бизнесті дамытуға 900 млрд теңге, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларына 44 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Бәйтерек"холдингі
Объявления
live comments feed...