• Главная
  • Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің Құрылысшылар күнімен құттықтауы
12:00, 15 августа 2023 г.

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің Құрылысшылар күнімен құттықтауы

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрметті құрылысшылар және сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сөз жоқ, бұл ең ардақты да құрметті мамандық.

Жасампаз сала өкілдерінің ізгілікті ісі мен бай тәжірибесі кәрі тарих толқынының қай кезеңінде де кеңінен сұранысқа ие болып келеді.

Құрыш қол мен қажырлы еңбек қаламыз бен ауылдарымызды заман талабына қайта түлетіп, аула абаттануда; оқтай түзу жол салынып, сан мыңдаған шақырым газ бен су құбырлары пайда болды.

Әрине, көз қуанышымызға айналған әрбір жетістікте құрылысшылар мен жобалаушылардың, сәулетшілер мен инженерлердің, басқа да сала мамандарының маңдайтері, жауапты жұмысы жатыр.

Әсіресе, сала ардагерлеріне ел алғысы айрықша шексіз.

Олардың өнегелі өмір жолы мінсіз қызмет пен өз ісіне адалдықтың жарқын мысалына тұнып тұр.

«Теңіз – тамшыдан» деген, жоғары жауапкершілік пен қасиетті мамандығыңызға деген сүйіспеншілік өңіріміздің одан әрі көркейе түсуіне өз септігін тигізеді.

Ойға алғандарыңыз орындалсын, Сіздердің күш-жігеріңізбен киелі өңіріміз заманауи келбетке ие болып, барша тұрғындарды күн сайын қуанта берсін! 

Атырау облысының әкімі         С.Шәпкенов

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Құрылысшылар күні
Объявления
live comments feed...