• Главная
  • Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің Абай күнімен құттықтауы
11:00, 11 августа 2023 г.

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің Абай күнімен құттықтауы

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрметті жерлестер!Сіздерді тамаша мереке – Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былай деп атап көрсетті: «Жаңғыру өткеннен қол үзіп, жаңа құндылықтарға жол ашу дегенді білдірмейді. Негізі, бұл – ұлттық мұрамызды жаңа үрдістерге сай дамытуға бағытталған құбылыс. Бұл ретте Абайды айналып өте алмаймыз», деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев әлемдік руханияттың қазынасына өлшеусіз үлес қосты, қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде философ, ақын, ағартушы, аудармашы, сазгер ретінде өшпес жарқын із қалдырды.

Абай адам өміріндегі рухани ізгі қасиеттерді адамның адамгершілік өзегі деп есептеді. Хакімнің маңдайына өз халқы мәдениетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі болу бақыты бұйырған еді.

Қазақтың ғана емес, күллі адамзат баласының мақтанышына айналған данышпан Абайдың дара мұрасы – рухани байлығымыз, жол сілтейтін Темірқазығымыз.

Ол жасаған құндылықтар шекараға тәуелсіз және уақыт ықпалынан тыс болып келеді. Ұлтты жаңғыртуда оның асыл мұрасын негіздеу және ұтымды пайдалануды кеңінен жүзеге асыру бүгінгі таңда өте маңызды.

Абай сөзі құбылмайтын құбыламыз секілді болуы керек.

Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Абай Күні
Объявления
live comments feed...