• Главная
  • Атырауда алғаш рет жергілікті құрылыс материалын шығарушылар көрмесі өтті
10:00, 10 августа 2023 г.

Атырауда алғаш рет жергілікті құрылыс материалын шығарушылар көрмесі өтті

фото Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылысшылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімдігі ұйымдастырған көрмеге 20-дан астам мекеме өз тауарын ұсынды. Шараға облыс әкімі Серік  Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрмеге  гипсокартон, кірпіштер, құрғақ құрылыс, қасбет, жабынды материалдар, төсеніштер, сантехникалық бұйымдар және өзге де құрылыс материалдары қойылды.

Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - шараға тауар ұсынған құрылыс компанияларының арасында ынтымақтастықты орнатып, нығайтуғю және құрылыс материалдарының халық арасында танымалдылығын ұлғайту.

Анықтама үшін: Атырау облысында құрылыс материалын шығаратын 43 шағын және 2 орта кәсіпорын бар. 

2023 жылғы қаңтар – маусым айларында өндіріс көлемі – 11,3 млрд.теңгені (77,8%) құрады.  

Оның ішінде: тауарлы бетон – 253 мың.тонна (69,5%), ғанышкартон – 2,5 млн.м3 (84,9%), кірпіш – 4 мың. м3 (114,3%), есік – 104,8 тонна (114,3%), сыр – 15 тонна (100%) және тағы басқалар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #көрме #құрылыс материалдарын өндірушілер
Объявления
live comments feed...