• Главная
  • Атырауда бір мектептің 88% түлегі грантқа түсті
15:00, 9 августа 2023 г.

Атырауда бір мектептің 88% түлегі грантқа түсті

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау қаласы «Зияткер» мектеп-лицейінде білім алған 32 түлектің 28-і, яғни 88%-ы мемлекеттік грант иегері атанды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында облыстың 211 білім беру мекемесінде 11 сыныпты 6 081 оқушы аяқтады. Олардың 159-ы - Алтын белгі иегері.

Елімізде 2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. 

Сонымен қатар халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін 5 000 нысаналы грант, оның ішінде Атырау облысына 1 500 нысаналы грант бөлінді. Ал Атырау облысы әкімі грантының саны - 240.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #түлектер #грант
Объявления
live comments feed...