
10:00, 7 августа
Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына оқушыларды қабылдау басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Атырауда ұзақ жылдан бері шешімін таппай келе жатқан спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ашылды. Оған оқушыларды қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады. Интернатқа бокс, дзюдо, еркін күрес және таеквонда спорт түрлері бойынша 7-11 сынып оқушылары қабылданады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды
Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжіне 2023-2024 оқу жылы бойынша оқу бөліміне қажетті құжаттар тізімі:
1)Ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлік құжат (сәйкестендіру үшін)
3) Оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжаттар (сәйкестендіру үшін);
4) 3 х 4 өлшемдегі алты фотосурет.
Медициналық құжаттар тізімі:
1. Баланың даму тарихы (112)
2. Баланың жеке картасы (026)
3. Егілу картасы Ф-063
4. Эпид аймақ туралы анықтама
5. Диспансерлік есепте жоқ анықтамасы (учаскелік дәрігер)
6. Форма -075/У (хирург, окулист, невропатолог, стоматолог, дерматолог, кардиолог, эндокринолог, учаскелік дәрігер)
7. Талдау нәтижелері:
*Жалпы қан нәтижесі
*Жалпы зәр нәтижесі
*Ішек құрты нәтижесі
8. Жүрек УДЗ-сі (дәрігердің қорытындысымен кардиолог)
9. Бүйрек УДЗ-сі
10. Іш құрылысы УДЗ-сі
11. Кеуде қуысының флюрографиясы (15 жастан пленкасымен)
*Фтизиатор дәрігердің есепте жоқ анықтамасы
12. ЭХО ЭГ (бас, ми)
13. МРТ (бас сүйек) бокс бөліміне.
Спорт бөліміне қажетті құжаттар тізімі:
1. Спортшының жеке карточкасы
2. Спорттық дәреже куәлік
3. Куәліктің немесе мынандай спорттық атақтарды немесе спорттық разрядтарды беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме.
●"Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері",
●"Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері",
●"Қазақстан Республикасының спорт шебері",
●"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат",
● «1-разрядты спортшы»,
● «2-разрядты спортшы»,
● «3-разрядты спортшы»,
● «1-жасөспірімдік разрядты спортшы»,
● «2-жасөспірімдік разрядты спортшы»,
● «3-жасөспірімдік разрядты спортшы».
Ескерту: Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, ал спорттық разрядты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.
Байланыс нөмірі: 87760671127
Эл.почта: [email protected]
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
09:39, 22 сентября
15
17:08, 27 апреля
40
09:39, 22 сентября
53
10:13, 2 октября
12
live comments feed...