• Главная
  • Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды
20:00, 4 августа 2023 г.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Осыған дейін Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының ​ орынбасары​ қызметін атқарған​ Айнагүл​ Дүйсекенова ​ Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Айнагүл Дүйсекенова жоғары білікті маман. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. ​Химия және биология магистрі.

Еңбек жолын​ 2007 жылы ​ ​ Атырау қаласындағы ​ №23 орта мектептің химия, биология пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2008 - ​ 2011 жылдар ​ аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ​ ботаника және валеология кафедрасы оқытушы стажері,

2011 -​ 2012 жылдар ​ аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ауыл шаруашылығы мамандықтары кафедрасы оқытушысы,

2013 - 2014 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінің​ оқу ісі жөніндегі декан орынбасары,

2014 - 2018 жылдар аралығында Атырау қаласындағы ​ №30 филиал, Ұлттық тестілеу орталығының жетекшісі,

2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін Атырау облыстық Білім беру басқармасының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #қалалық білім бөлімі
Объявления
live comments feed...