• Главная
  • Атырауда сылақшылар мен тас қалаушылар сайысты
18:00, 4 августа 2023 г.

Атырауда сылақшылар мен тас қалаушылар сайысты

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай облыстық сылақшылар мен тас қалаушылар сайысы өтті. Әр мамандықтың үздігін анықтау мақсатында өткен сайыста облыстағы құрылыс компанияларынан барлығы 7 команда бақ сынасты, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды 

Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, сайыскерлер алдағы уақытта да бір-бірімен ынтымағы жарасып, етене жұмыс істеуі қажеттігін баса айтты. 

- Расында, мұнайлы өлкеде  бой көтерген әр ғимаратта, әлеуметтік нысанда әрқайсыңыздың қолтаңбаңыз қалды. Бойыңызда тоғысқан талант пен талғамның арқасында Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне үлес қосып келесіздер! Бұл ретте өңірде салынатын немесе жұмысы жүріп  жатқан қандай да құрылыс болмасын, алдымен сапаға жұмыс істеуіміз қажеттегін баса айтқым келеді! Өйткені біз тек ғимаратты салып қана қоймай, онда өмір сүретін тұрғындарының өмірі үшін де жауаптымыз! Олардың  игілігі әрқашан басты орында! Алдағы уақытта бір-біріңізбен тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істейтініңізге, аймақтың одан әрі дамуына септігіңіз тиеріне сенемін!-деді Қ.Нұртаев. 

Құрылысшылар бәсекесіне облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы Рүстем Махабаев, эксперт Талғат Бисенов пен техникалық қадағалаушы Қанат Ермұханов қазылық етті. Осы ретте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов сайыскерлерді бағалау критерийіне тоқталды. 

- Бүгінгі сайыс тартысты өтіп жатыр. Бұл аймақта осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр, алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізу жоспарда бар.  Бүгінгі сайысқа құрылыс саласындағы белді мамандар төрелік етеді. Олар  сайыскерлердің жұмысты жүргізу деңгейіне, сапасына, кірпіш қалаудың қасық қатары мен байланыстырушы қатарды дұрыс салуына, тік және көлденең тігісті сақтауына, сыртқы және ішкі версттің түзулігіне қарап бағасын береді,-деді Н.Құсайынов.

Облыстық сайыстың нәтижесінде сылақшылар арасында: 

І орынды «Сұңқар құрылыс» ЖШС, ІІ орынДЫ «ARSM» ЖШС және ІІІ орынды «БатысАльянсСтрой» ЖШС жеңіп алды. 

Тас қалаушылар арасында: 

І орынды «TSG Construction» ЖШС,, ІІ орынды «Батыс Строй Сервис» ЖШС, ІІІ орынды «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС иеленді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #сылақшылар #тас қалаушылар
Объявления
live comments feed...