• Главная
  • Атырау облысында көкжөтел ауруының 46 жағдайы тіркелді
11:00, 3 августа 2023 г.

Атырау облысында көкжөтел ауруының 46 жағдайы тіркелді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Мамандар облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақсыз деп бағалап отыр. Яғни зерханалық жолмен дәлелденген көкжөтел ауруының 46 жағдайы тіркеліп, 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші 6,6%-ды құрады. Бұл туралы инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Айнагүл Сарсенғалиева баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Көкжөтел – жіті респираторлы, тек антропонозды немесе тек адамда тіркелетін, екпемен басқарылатын, ауа тамшы арқылы берілетін бактериалық инфекция.Инфекция қоздырғышы - «Бордетелла пертуссис» бактериясы.

- Жалпы облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақсыз деуге болады. Өткен жылмен салыстырғанда аурушылық 23 есеге жоғарылап отыр. Бұған коронавирус пандемиясынан кейін көкжөтелге қарсы вакцинациялаудың төмендеуі себеп болып отыр. Күні бүгінге дейін 7 ай көлемінде облыста көкжөтелдің 46 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, Атырау қаласы бойынша – 41 жағдай, Құрманғазы ауданы бойынша – 3 жағдай және Махамбет ауданында - 2 жағдай тіркелген. Аурудың 98%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Оның 92%-ы көкжөтелге қарсы профилактикалық екпе алмаған балалар. Көкжөтел инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – вакцинопрофилактика, - деді А.Сәрсенғалиева.

Маманның айтуынша, вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 2, 3, 4, 18 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация - тегін. Оны жергілікті мекенжай бойынша емханада алуға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #көкжөтел
Объявления
live comments feed...