
10:00, 2 августа 2023 г.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшылары үшін Павлодарға арнайы іс-сапар ұйымдастырылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Бұл туралы облыстық жұмсыпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі
-Облыстағы психоневрологиялық ауытқуы бар ересектерді қабылдайтын №1 орталық және 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған №3 орталық, қарттарға қызмет көрсететін №4 орталық пен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығының басшылары павлодарлық әріптестерімен тәжірибе алмасты. Мүгедектігі бар, психоневрологиялық ауытқуы бар жандармен жұмыс жасау оңай емес. Үнемі жаңашылдық, мол тәжірибе қажет болады. Сондықтанда, мұндай іс-сапарлар ұйымдастырудың маңызы зор, - деді А.Мәмбетов
Айта кетейік, Павлодар облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 9 орталық бар. Оның ішінде, псхоневрологиялық ауытқуы бар ересектерге арналған 540 орындық орталық жұмыс жасайды. Бұдан бөлек, балаларға арналған сауықтыру мекемесі де бар.
-Павлодарға барған іс-сапарымызда ең ауқымды орталықтарды аралап, жұмысымен таныстық. Психоневрологиялық ауытқуы бар жандармен үлкен масштабта жұмыс жасау оңай емес. Ал, мұнда 540 орындық орталық жұмыс жасап тұр. Осы орталықтың мамандарымен, басшыларымен әңгімелесіп өзара сұхбаттастық. Бұдан бөлек, Павлодарда зейнеткерлердің әлеуметтік қызметтермен қамту алдыңғы орынға қойылған екен. Олар үшін арнайы Ардагерлер үйі жұмыс жасайды. Бұл таныстырылымдар біз үшін – үлкен тәжірибе болды, - деді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Құралай Тілеумағамбетова
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
14:24, 14 апреля
53
18:18, 25 марта
14:24, 14 апреля
15
14:24, 14 апреля
live comments feed...