• Главная
  • Доссорда апатты жағдайда тұрған «Қазпошта» ғимараты сүріліп жатыр
12:00, 21 июля 2023 г.

Доссорда апатты жағдайда тұрған «Қазпошта» ғимараты сүріліп жатыр

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі

Сондай-ақ кенттегі басқа да ескі ғимараттар сүріледі. Бұл ретте нысан иелеріне тұрақты түрде ескерту қағазы жіберілуде. Бұл туралы Доссор кентінің әкімі Болат Ермеков мәлім етті, деп хабарлайды Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

М. Өтемісұлы көшесіндегі №17 үйде орналасқан ескі «ҚазПошта» АҚ ғимараты 1978 жылы салынған. 69 бөлме, 3 қатардан тұратын ғимараттың жер көлемі 0,0825 гектарды құрайды. Қазіргі таңда сүрілген нысанның орнын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- 2018 жылдың 29 мамырында Доссор кентіндегі «ҚазПошта» АҚ апатты жағдайда тұрған  ғимарат аукцион арқылы сатылатыны туралы хабарланды. Алғашында кепілдік жарна төлеген қатысушы қалған сомманы бөліп төлеуін  сұрағадықтан, өтінішінен бас тарттық. Сол жылдың қыркүйек айында қатысушы болмағандықтан аукцион өткізілмеді. 2019 жылдың наурыз айында голланд тәсілімен өтетін аукцион өткізіп, төменгі баға 6 643 000 теңге болатындығы жоспарланған, десе де қатысушы болмады. Кейін 2019 жылы сол бағаға  жергілікті кәсіпкер сатып алды. Ол араға көп уақыт салмай меншігінің ішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, терезелерді таспен қалап, көше жақ бетін жауып қою жоспарын ұсынды. Жүзеге асқанымен, ауыл көркін қашырды. Сондықтан 2021-2022 жылдар аралығында Доссор кенті әкімі аппараты тарапынан кент келбетіне кері әсер етуімен қатар қауіпсіздік шараларын алу мақсатында ғимаратты сүру жөнінде ескерту берілді,-деді Б.Ермеков.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Доссор #Қазпошта
Объявления
live comments feed...