• Главная
  • Атырау облысы жылдағыдай ережеге сәйкес әкім гранттарына конкурс жариялайды
16:00, 12 июля 2023 г.

Атырау облысы жылдағыдай ережеге сәйкес әкім гранттарына конкурс жариялайды

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі.

сурет: Аймақтық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Биылғы жылғы мектеп бітіруші түлектер мен былтырғы түлектер, сондай-ақ колледж түлектерінің жоғарғы оқу орнына түсу науқаны басталды. Биыл Атырау облысы бойынша 6081 мектеп бітіруші түлек оқуын тәмамдады. Талапкерлер ҰБТ қорытындысы бойынша 13-20 шілде аралығында жоғарғы оқу орнына мемлекеттік гранттарға өтініш білдіре алады. 

Айта кеткен жөн, Атырау облысы әкімі 2017 жылдан бастап әкім грантын беріп келеді. Әкім гранты өңірдегі кадр тапшылығының қажеттілігі болғандықтан тиісті  басқармалар мен мекемелерден келіп сұраныстар негізінде қалыптастырылады.  Талапкер мемлекеттік грантқа түсе алмай қалған жағдайда әкім грантына өтініш беруге толық мүмкіндігі бар.  Әкімдік гранты үшін жасалатын конкурсқа мектеп бітіруші түлектер және колледж түлектері үміткер бола алады. Бұл жердегі басты талап мамыр-маусым айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен ғана ережеге сәйкес құжат тапсыра алады, - деді А.Дүйсекенова.

Сонымен қатар мемлекеттік гранттардан бөлек былтырдан бастап Президент тапсырмасына орай өңірдегі кадр тапшылығын шешу мақсатында биыл Атырау өңіріне 1500 нысаналы грант  берілуде және осы гранттарды игеретін 13 ЖОО өкілдері өңірдегі жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтініштерді қабылдайтындығын айтып өтті.

Нысаналы грантты түлектер назарына, мемлекеттік грантқа өтініш беру кезінде нысаналы грантқа өтінішті таңдау құқығы бар.

— Әкім грантының ерекшелігі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ әкім гранты бойынша оқуға түскен студенттер оқуын тәмамдағаннан кейін жергілікті жерге келіп жауапты мекеменің берген жолдамасы бойынша жұмысқа орналаса алады.  Болашақ әкім грантына үміткер болғалы отырған талапкерлер оның жауапкершілігі мен кейіннен осы бойынша қызмет жасау керектігін түсіну керек. Биыл Атырау облысы әкімдігі гранты медицина, педагогика, ауылшаруашылығы, дінтану бағытындағы мамандықтарға берілетін болады - деді А.Дүйсекенова.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #облыс әкімінің гранттары
Объявления
live comments feed...