
14:00, 5 июля 2023 г.
Биылдан бастап аутизммен ауыратын балалар шипажайға жолдама алады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Шілде айынан бастап аутизм диагнозы қойылған балаларға психиатрдың сараптамасымен санаторлы-курорттық шипажайға жолдама беріледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамутды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Осыған дейін аутизммен ауыратын балалар шипажайға жолдамамен қамтылмаған болатын. Енді, ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік қолдау шарасы бойынша ата-аналардың ұсыныстары ескеріліп, жолдамамен қамтылатын болды. Сонымен қатар, баланың жанында еріп жүретін ата-анасына мемлекет тарапынан қаржысы төленетін болады. Қазір, облыста қажетті қаржы қарастырылуда, - деді А.Мәмбетов
Бұдан бөлек, сирек кездесетін «Spina bifida» диагнозы бар науқастар республикалық бюджет есебінен катетермен қамтылатын болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:35
18 сентября
17:57
18 сентября
18:07
17 сентября
18:08
16 сентября
17:38
16 сентября
19:04
15 сентября
17:50
15 сентября
18:11
14 сентября
Объявления
09:50, 1 августа
11:32, 10 сентября
11:29, 18 сентября
15
11:29, 18 сентября
53