• Главная
  • №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қосымша еңбек терапиясы ашылды
14:00, 28 июня 2023 г.

№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қосымша еңбек терапиясы ашылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау облысындағы психоневрологиялық ауытқуы бар ересектерге қызмет көрсететін №1 орталықта қоян және құс өсіруге арналған орынжай пайдалануға берілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мереке қарсаңында қолданысқа берілген қосымша еңбек терапиясы салтанатты түрде ашылды. Оған облыстық Жұмыспен қамутды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов пен Сарайшық ауылдық округі әкімдігінің өкілі және еңбек ардагерлері қатысты. 

- №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 300-ге жуық қызмет алушы бар. Оларды үй жағдайына бейімдеп, 8 бағытта әлеуметтік қызмет көрсетеміз. Соның бірі - еңбек терапиясы. Яғни, қызмет алушылардың ортаға бейімделуі үшін еңбек терапиясының маңызы зор. Осы ретте, құс өсіріп, қоян баптап олардың шаруашылығын атқару үшін арнайы орынжайдың құрылысын жүргізуге демеушілік танытқаны үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбановқа және өңірдегі жомарт жандарға алғыс білдіреміз, - деді орталық басшысы Гүлнәр Зинеденова. 

Орталық басшысының айтуынша, белгіленген орынжайлардың шаруашылығын науқастармен бірге жүргізу үшін арнайы еңбек нұсқаушылары тағайындалған. Осыған дейін олардың көмегімен орталықтың бау-бақшасы жеміс беріп, аула іші жасыл желекке оранған. Енді алдағы уақытта жылыжай салу жоспарға алынып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #шаруашылық #құстар мен қояндар
Объявления
live comments feed...