• Главная
  • 1 шілдеден бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері өседі
10:00, 27 июня 2023 г.

1 шілдеден бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері өседі

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі күшіне еніп, жәрдемақының белгілі санаттары пайыздық өсіммен беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің  басшысы Гүлшат  Жұмағалиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Оның айтуынша, әлеуметтік салада оң өзгерістер бар. Мәселен, I топтағы мүгедектігі бар жандар осы жылдың 1 қаңтарында 77 889 тг жәрдемақы алса, шілдеден бастап 89 248 теңге алады. II топтағы мүгедектігі бар жанның жәрдемақысы 71 398 теңгеге, үшінші топқа жататын жандардыкі 48 681 теңгеге, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға төленетін жәрдемақы 65 313 теңгеге өседі.

- Асыраушысынан айырылған балаларға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар да көбейеді. Шілде айынан бастап бір балаға 37 322 теңге төленсе, екі балаға 68 964 теңге, үш балаға 91 276 теңге жәрдемақы беріледі, - деді Г. Жұмағалиева. 

Сонымен қатар «Алтын алқа» немесе бұрын батыр ана атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегері болған көпбалалы аналар бұған дейін 22 080 теңге алып келсе, 2023 жылдың шілдесінен бастап 25 530 теңге көлемінде төлем алады.

Бұдан бөлек, Әлеуметтік Кодексте жерлеуге арналған біржолғы төлем - 120 750 теңге болып белгіленді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #әлеуметтік төлемдер
Объявления
live comments feed...