18:00, 24 июня 2023 г.
Атырау облысында көктемгі егін егу жұмыстары аяқталды
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Биыл өңірде егістіктің жалпы көлемі 10338 гектарды құрады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Айтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылы өндірілген көкөністер көлемі 99718 тоннаны құрап, тұрғындар 109,2% қамтылды. Сондай-ақ 43310 тонна бақша өнімдері өндірілді. Қамтылуы – 447,1%. Ал картоптың 28314 тоннасы өндіріліп, облыс халқы 40,9% қамтылды.
- Биыл жоспар бойынша көкөніс 2945,2 га, бақша 1 345 га, картоп 1941 га, мал азықтық дақылдар 4106 га өндіріледі деп күтіліп отыр. Атырау өңірінің климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайсыз екені жасырын емес. Облыстың жер қоры бүгінде 11863,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 58,7%-і ауыл шаруашылыққа қолайсыз. Дегенмен бұл саланы одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шараларды қабылданды. Нәтижесінде биыл жылыжайлар көлемі 30 гектарға дейін (2022 ж. – 26 га), су үнемдеу технологиялар алқабы 4,8 мың гектарға дейін (2022 ж. – 4,5 га) ұлғайды,- деді А.Айтқалиев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:31, 2 декабря
10:44, 26 ноября
12
live comments feed...