• Главная
  • Жылыойлық кәсіпкер кір сабын шығарумен айналысып отыр
16:00, 24 июня 2023 г.

Жылыойлық кәсіпкер кір сабын шығарумен айналысып отыр

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі

Жылыойлық 29 жастағы кәсіпкер Бекарыс Жұқатаев кір сабын өнімін шығарумен айналысып отыр. Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кәсіпті бастағанына көп уақыт болмаса да, өз тұтынушыларын тауып үлгерген. Ол күніне 1000 дана кір сабын, қажет болған жағдайда 2000-ға дейін шығаратын айтты. Қазіргі таңда аудан базарындағы дүкендердің көпшілігінде «Jylyoi Soap» өнімдерін табуға болады. 

-Бұл кәсіпке келмес бұрын 4-5 жыл бойына осы бағытта өз бетімше білім алдым. Ұзақ жылғы ізденістің нәтижесінде кәсіпті бастау аса қиынға соққан жоқ. Алда басқа да сабын өнімдерін, мәселен сұйық және иіс сабын түрлерін шығаруды жоспарлап қойдым. Бұл үшін үкіметтен бөлінетін гранттарға қатысуға ниет білдіріп отырмын,- деді Б.Жұқатаев. 

Оның айтуынша, сабын жасайтын арнайы аппаратты Ақтау қаласынан алдыртқан. Ал сабын жасауға қажетті тоң май мен күнбағыс майын алғашында Алматы облысынан алған болса, қазір өз өңірімізден алып отырғанын жеткізді. 

Сондай-ақ ол, сабындардың бағасы 100 теңгеден басталып, 250 теңгеге дейін баратынын айтты. Қойылған баға сабынның салмағына және арнайы қаптауына қарай әр түрлі болатынын атап өтті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Жылыой ауданы #кір сабын
Объявления
live comments feed...