• Главная
  • Индерде қарақұрттан зиян шеккен жануарларға ем жүргізіліп жатыр
11:00, 22 июня 2023 г.

Индерде қарақұрттан зиян шеккен жануарларға ем жүргізіліп жатыр

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырау облысы Индер ауданына қарасты Көктоғай, Елтай және Бөдене ауылдарында 115 түйе, 3 жылқы және 1 ірі қараны қарақұрт шағып, одан 16 түйе өлген. Бүгінде жануарларға ветеринарлар дәрілік препараттармен жедел ем жүргізіп жатыр. Бұл туралы  Индер аудандық ветеринариялық станция басшысының орынбасары Ержан Әбішев мәлім етті.

- Осы қарақұрт шаққан малдарыңызды жедел түрде ветеринария мамандарына хабарлап, емдік шараларын тездетіп алуларыңызды сұраймыз. Былтырғы көрсеткішке қарағанда биылғы көрсеткіште қарақұрт шағу өте жоғары темпте көрсетіп отыр,-деді Е.Әбішев.

Ержан Әбішеев өлген жануарларды өртеу және жою жөніндегі жұмыстары ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес  қосымша ұйымдастырылатынын айтты. Бүгінде жағдай тұрақты, ветеринар мамандардың бақылауында. Халық арасында ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар,  қауіпті зиянкес 10 тұрғынды шағып үлгерген. Индер аудандық ауруханасының мамандары барлығына дер кезінде көмек көрсетіп, қазір үйлеріне жіберілді. 

Тұрғындар арасында өлім тіркелген жоқ.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #малды емдеу #қарақұрт шағуы
Объявления
live comments feed...