• Главная
  • Атырау облысында 842 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
14:00, 20 июня 2023 г.

Атырау облысында 842 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Жыл басынан бері 842 отбасындағы 4841 адам әлеуметтік көмек алды. Оның ішінде 3942 адамға шартты, 963 адамға шартсыз ақшалай көмек берілді. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

-Мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып бөлінеді. Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек – отбасында еңбекке қабілетті адамы болмаса немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі, табысы аз отбасыларға тағайындалады. Ал, шартты атаулы көмек –  жұмыспен қамту шараларына қатыса алатын табысы аз отбасыларға беріледі, - деді А.Мәмбетов. 

Басқарма басшысының айтуынша, АӘК-тің шартты ақшалай түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілеттілері 1102 адам. Оның ішінде 22-сі  тәуелсіз қызметкер болса, 132-сі жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер. Ал, 358-і бала күтіміндегі аналар. Қалған 590-ы жұмысы бар азаматтар. 

-Осы тізімдегі жұмыссыз есебіндегі 132 адамның 40-тан астамы тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 80 адам қоғамдық жұмысқа, 10 адам әлеуметтік жұмысқа жіберіліп, 3-і кәсіпкерлік бастамаларды қамтамасыз етуге және 1 адам кәсіби біліктілігін арттыруға жіберілді, - деді А.Мәмбетов. 

Сонымен қатар, АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы 1347 балаға  қосымша төлем тағайындалған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #әлеуметтік көмек
Объявления
live comments feed...