• Главная
  • Атыраулық спортшы Американы бағындыруда
12:00, 7 июня 2023 г.

Атыраулық спортшы Американы бағындыруда

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Жергілікті спортшы Айбек Абдилов дзюдо спортымен енді Америкада жаттығады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Дарынды спортшы Айбек Абдилов жастайынан шет елдердерде көк байрақты көкке көтеруді армандаған. Ол 10 жасынан бастап дзюдо спортымен кәсіби түрде айналысады. Америкаға бармастан бұрын спортшы самбо күресінен ең айтулы деген жарыс - Әлем Кубогін ұтып, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына ие болды. Дзюдодан түрлі деңгейдегі турнирлерде жеңіске жетті.

- Америкада спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалынған. Әсіресе әлемнің ең мықты деген жекпе-жек шеберлерімен үнемі тәжірбие алмасу мүмкіндігі туады. Сол үшін де бұл елдегі бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Кез-келген спортшының арманы деп ойлаймын,- деді А.Абдилов.  

Айта кетейік, 24 жастағы Атыраудың тумасы дзюдодан «Golden State Open» турнирінде күміс жүлде жеңіп алса, джиу-джитусдан «All Americas Jiu-Jitsu Tournament» және грепплингтен «American Grappling Tournament» сайыстарында жеңімпаз атанды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #джиу-джитсу
Объявления
live comments feed...