• Главная
  • Атырауда Рәміздер күніне орай белбеу күресі бойынша біріншілік өтті
19:00, 2 июня 2023 г.

Атырауда Рәміздер күніне орай белбеу күресі бойынша біріншілік өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырауда 2008-2009 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен ҚР чемпионатына іріктеу біріншілігі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарысқа Атырау қаласындағы Дамба, №1, №2 және №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, «Мағауия», «Жұмыскер»,«Алмалы» спорт клубтарының оқушыларымен қатар, Мақат және Индер ауданынан барлығы 75 балуан қатысты. 

-Доданың мақсаты – шілде айының 14 күні Астана қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алу. Турнир жоғары деңгейде өтуде. Дайындықтары жоғары екені байқалады. Алдағы ел чемпионатынан үмітіміз зор. Және бір айтатыным – жастардың осы спорт түріне қызығушылықтары күннен күнге артып келеді,- деді белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Жеңісхан Еркінғалиев. 

Жарыс қорытындысы бойынша 38 келі салмақ дәрежесінде индерлік Заңғарбек Қанат, 42 келі салмақта №1МБЖСМ оқушысы Исламбек Мейрамов, 46 келіде Жұмыскер спорт клубының спортшысы Арсен Бағытжан, 50 келіде №1МБЖСМ оқушысы Мансур Ихласов, 55 келіде индерлік Мадияр Бекет, 60 келіде индерлік Алмаз Алтынбек, 66 келіде №1МБЖСМ оқушысы Ислам Қуанышқали, 73 келіде Дамба спорт мектебінің оқушысы Ілияс Супалдияр І орынға ие болды. Ал қыздар арасында 40 келі салмақ дәрежесінде мақаттық Қарақат Жолдас, 45 келіде Дамба спорт мектебінің оқушысы Жарқынай Қамысбай, 50 келіде мақаттық Ақзер Жайлыбай, 56 келіде Жұмыскер спорт клубының спортшысы Ақниет Өтелген, 63 келіде аталған клубтың спортшысы Ақерке Шорлан жеңіске жетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #белбеу күресі
Объявления
live comments feed...