10:00, 2 июня 2023 г.
Қадірлі достар, ардақты ата-аналар!
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Сіздерді ең жарқын да жасампаз мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Бұл күн шат-шадыман қуаныш пен сыңғырлаған күміс күлкіге толы. Көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры бүлдіршіндер – біздің болашағымыз, ел ертеңі мен баға жетпес байлығымыз.
Балаларға қамқорлық, толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі.
Зерделі де зерек ұрпақ – өз отбасы мен туған Отанының қамын жеген әр адамның күнделікті маңдайтерінің жемісі.
Жас ұлан ата-ана мен ата-әжесін, тәлімгері мен ұстазын, өскелең өркен үшін аянбай еңбек етіп келе жатқандардың баршасын қуантып, өз жетістігін сыйласын.
Балалардың дені сау, бақытты болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқан әр шаңыраққа, өз жүрек қалауымен таңдаған кәсібінің табиғаты бойынша балалардың өзін-өзі жүзеге асырып, табысқа жетуіне көмектесіп жүрген педагогтар қауымына алғыс айтамын.
Шаңырақта әрқашан өзара түсіністік орнап, күнделікті қарым-қатынаста сенім мен сүйіспеншілік салтанат құрсын!
Ал, қымбатты достар, жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін, ең асыл армандарыңызға жетіңіздер!
Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
10:44, 26 ноября
12
live comments feed...