• Главная
  • Биыл «Амангелді» кәсіпорны 330 тонна көлемінде балық өнімін шығарды
12:00, 26 мая 2023 г.

Биыл «Амангелді» кәсіпорны 330 тонна көлемінде балық өнімін шығарды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін аткарушы Азамат Әлібаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылғы 5 ай ішінде «Амангелді» кәсіпорны жалпы 330 тоннадай балық өнімін шығарды. Оның 241 тоннасы экспортталса, 89 тоннасы отандық өнім ретінде қазақстандықтарға сатылды. Ал, былтыр балықтың 2512 тоннадай өнімі өндіріліп, 730 тоннасы өзге елге экспортталса, 1782 тоннасы ел аумағында сатылған. 

Бүгінгі күні кәсіпорында 1100 адам балық аулайды. Ал балық өңдеу цехтары мен мекеме әкімшілігінде 400 адам, жалпы алғанда мекеме бойынша 1 500 адам қызмет етуде. Қазіргі таңда «Амангелді атындағы» ЖШС-не қарасты компаниялар тобында Атырау облысы бойынша теңізден және өзендерден балық қабылдайтын екі ірі айлақ пен балық өңдеп дайын өнім шығаруға арналған бір зауыт пен екі цех бар. Сонымен қатар, мекеме өз кәсіби қызметін атқаруға арналған 20 шағын кеме мен 6 теплоходпен қамтылған. 

-Өткен жылдың II жартыжылғығы мен осы жылдың I жартыжылдығында барлығы 4 501 тонна балық ауланды. Одан 2,5 мың тонна салқындатылған балық, 300 тонна балық еті, 350 тонна ысталған, 200 тонна қақталған балық өнімдері шығарылды. Шығарылған дайын балық өнімдері Атырау қаласы бойынша 28 сауда нүктесінде сатылып жатыр. Қазіргі күні дайын балық өнімдері Қазақстанның батыс өңірлеріне жеткізіліп, шет елдерге жіберіледі. Оның ішінде Ресей, Әзірбайжан, Украина, Германия, Польша, Румыния, Франция, Латвия, Грузья, Израиль елдеріне экспорталады,- деді А.Әлібаев.

Айта кетейік, «Амангелді атындағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Каспий теңізі мен Жайық және Қиғаш өзендеріңде кәсіпшілік балық аулау мен балық өнімдерін кең ассортиментте шығаратын ең ірі мекеме.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #балық өнімдері
Объявления
live comments feed...