• Главная
  • Атырауда аулаларды абаттандыру жұмыстары толығымен қазан айында аяқталады
14:00, 18 мая 2023 г.

Атырауда аулаларды абаттандыру жұмыстары толығымен қазан айында аяқталады

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Өткен жылы пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың ұсыныстары бойынша 100 ауланы абаттандыру жұмыстарына мердігер мекеме анықталып, бүгінде жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұл туралы Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының орынбасары  Бақтияр Хамидуллаев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Өткен жылы «Атырау қаласындағы 100 ауланы абаттандыру» жобасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1 млрд 37 млн қаржы бөлінген. Бүгінде мердігер мекеме анықталып, жұмыс қарқынды жүруде. 

- 100 ауланы абаттандыру жобасы бойынша «Атырау көлік» ЖШС, «Риголит» ЖСШ, «Sheberbuid» ЖШС мекемелері анықталып, қаладағы тұрғын үйлердің аулаларын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Қазір орталық көшелер, Балықшы, Авангард және Лесхоз, Алмагүл ықшам аудандарында аулаларды жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Биыл ауылішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары, балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу, кіші аяқ доп алаңдары жаңартылады. Осы жобалар толығымен қазан айында аяқталып, қолданысқа беріледі, - деді Б. Хамидуллаев. 

Оның айтуынша, қаладағы мына мекенжайлар бойынша абаттандыру жүргізіледі. Яғни А.Құнанбаев көшесіндегі №20, №22 үйлер, Сарыарқа ықшам ауданындағы №37, №38 үйлер, Сатпаев көшесі №24, №26, №28, Нұрсая ықшам ауданы бойынша №20, №22-28, №55-60, №72,73,75,77 үйлер, Атамбаев көшесі №68б, №68в, «8 март» көшесі №7, №8, Берғалиев көшесі №41, №41а, №33, №33а, №75, Вокзал маңы мөлтек ауданындағы №6а, №7а, №8а, №14а үйлер, Азаттық көшесі №163, 165, 167, 169, 169а, 169б, 120, 122, 124, Авангард 2 ықшам ауданындағы №1-4, №21, №22 үйлер, Лесхоз мөлтек ауданындағы №13, №40, №19, №38, №30,  №37, №29, №24, №28, №10, №9, №35, №34, №23, №23а, №43, №44, №47, №55, №48, №49, №54 үйлер.    

Брифинг барысында Б.Хамидуллаев жасалып жатқан жұмыстар қатаң бақылауда екенін және уақтылы жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол, осы жылы тағы да 150 ауланы абаттандыру жөнінде жаңа жоба әзірлеп, жыл соңына дейін бекітуді көздеп отырғанын жеткізді. Келер жылы қаладағы аулалар мен ауылішілік жолдар 100% жаңартылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #аулаларды абаттандыру
Объявления
live comments feed...