• Главная
  • Құрмағазы ауданындағы шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетілді
12:00, 17 мая 2023 г.

Құрмағазы ауданындағы шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетілді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

13-14 мамыр күндері Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев бейінді мамандармен бірге Құрманғазы ауданының шалғай ауылдағы тұрғындарына медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Балқұдық, Асан, Сүйіндік ауылдық окруігіне қарасты ауыл тұрғындарына акушер-гинеколог, лор, дерматолог, невропатолог, гастроэнтеролог, аллерголог, педиатр мамандары дәрігерлік консультациялық кеңес өткізіп, пациенттердің денсаулығын қарап, қажет болған жағдайы облыс, ауданға келіп қаралуы үшін немесе операция, анализден өтуге жолдама берді. Екі күн ішінде бейінді мамандарға қаралуы үшін 200-ге жуық тұрғын келді.

Сонымен қатар, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевпен Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Марат Хасанов медициналық пунктердің ахуалын қарап, жаңадан салынатын нысандардың жоспарымен танысты. Бүгінде жыл соңына дейін Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Егінқұдық ауылында медициналық пунктің құрылысы жүргізіледі.

- Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жамбылұлының тапсырмасына сәйкес, бейінді мамандармен бірге шалғай ауданда орналасқан тұрғындарға медициналық көмек көрсетілуде. Іссапарымда Үштаған, Асан, Сүйіндік, Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан, Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек ауылына бардық. Медициналық нысандарды да аралап, тұрғындарға тиісті көмек көрсеттік, деді Қ.Абдалиев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #медициналық көмек
Объявления
live comments feed...