• Главная
  • Құлсары қаласының Атырау ықшам ауданының барлық көшелеріне жыл соңына дейін асфальт жол салынады
16:00, 11 мая 2023 г.

Құлсары қаласының Атырау ықшам ауданының барлық көшелеріне жыл соңына дейін асфальт жол салынады

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Атырау» ықшам ауданына жол салу жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталған болатын. Алайда, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға түзету жұмыстарын енгізу қажет болды. Жаңартылған жобамен жол салу жұмыстары биыл мамыр айында басталып отыр, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аталған ықшам ауданның 24 көшесіне 22,1 шақырым жол және тротуар салынатын болады. Бұл жұмыстарды «АтырауИнжСтрой-АИС» мекемесі жасауда. Жоба құны 7,2 мрлд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

-Қазіргі таңда 22 көшенің жері толықтай тегістеліп, құм қиыршық тас, қиыршық тас жабындылары және бір көшеге асфальт жабындының бірінші қабаты төселді,- деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ержан Хайноллаев.

Айта кетейік, «Атырау» ықшам ауданында 400-ге жуық тұрғын үй болса, тұрғындар саны мыңнан астам.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жолдар
Объявления
live comments feed...