• Главная
  • Жылыойлық жастар заманауи мамандықтарға тегін оқытылуда
19:00, 22 апреля 2023 г.

Жылыойлық жастар заманауи мамандықтарға тегін оқытылуда

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жылыой ауданына қарасты ауылдардың жастары қазіргі заман талабына сай мамандықтарға тегін оқытылады, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алғашқы оқу бағдарламасы Ақкиізтоғай ауылынан басталды. Мұнда 38 жас тұрғын таргет+SMM, копирайтинг және графика дизайны секілді мамандықтарға үйретілуде. Оларды бірнеше жылдық тәжірибесі бар сарапшы тренерлер, бренд дизайнерлер оқытып жатыр.  

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлібек Амандықтың айтуынша, тегін оқыту курстарына 18-35 жас аралығындағы Жылыой ауданына қарасты ауылдық округ тұрғындары қатыса алады. 

-Курстар кезең-кезеңімен әр ауылда өткізілетін болады. Оқыту жұмыстары аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңаша» қоғамдық қорының «Шектелме» жобасы аясында «Теңізшевройл» мекемесінің қолдауымен жүзеге асуда,- деді Ә.Амандық.  

Оның айтуынша, мамыр айындағы оқыту курстары Тұрғызба ауылының жастарына өткізілмек. Курсқа тіркелу үшін 8702-820-89-20, 8707-810-84-22 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жастар
Объявления