
10:00, 20 апреля 2023 г.
«Атырау-2» волейбол командасы Қазақстан чемпионы атанды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Тараз қаласында волейболдан 23 жасқа дейінгі ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған спорттық додада «Атырау-2» волейбол командасы Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоғарғы лиганың чемпионы атағын 8 команда сарапқа салды. 5 тур ойындарының қорытындысы бойынша «Атырау-2» волейбол командасы алтын медальге ие болды. Юрий Лабецкий бастаған облыс спортшылары 35 ойынның 30-да жеңіске жетті.
Тур қорытындысы бойынша Нұрасыл Жамбылов «үздік ойыншы» атанды.
Айта кетейік, 2021 жылы «Атырау-2» волейбол командасы жоғары лигада ел чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Бұл атыраулық команданың жоғарғы лигадағы алғашқы алтын жүлдесі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
12:41
25 июля
14:50
24 июля
Объявления
15:37, 22 июля
15:44, 13 июля