• Главная
  • Атырауда республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі қортындыланды
19:00, 1 апреля 2023 г.

Атырауда республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі қортындыланды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық кезеңде жеңімпаз атанған жалпы саны 24 оқушы қатысты. Қатысушылар екі айналым бойынша бақ сынады. Бірінші айналымда оқушылар Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазса, екінші айналымда М.Әуезовтің «Абай жолы» романы және Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап берді.

-Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақтың санасына терең әрі жан-жақты сіңіруге бағытталған олимпиаданың мақсаты – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілу. Сонымен қатар Абайдың шығармашылығы мен өнегелі өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдану, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту,- деді Р.Сарбалин.

Нәтижесінде қазылар алқасының қорытынды шешімімен I дәрежелі дипломмен Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жайна Талғатқызы, Қызылқоға ауданы Жаңашаруа орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айнелья Бағытжан, Атырау қаласы №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің 11-cынып оқушысы Гулназ Исмаилова марапатталды. Ал II дәрежелі диплом Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 9-сынып оқушысы Іңкәр Жақсығалиға, Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Еркеназ Амангелдіқызына, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының 10-сынып оқушысы Асылзат Уалитханға, Атырау қаласы №13 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Сабина Болатоваға, Жылыой ауданы №10 орта мектебінің 11-cынып оқушысы Гүлжайна Айтбаеваға, Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 11-cынып оқушысы Шұғыла Алпанға бұйырды. Сайыстың III дәрежелі дипломын Атырау қаласы №24 орта мектептің  9-сынып оқушысы Дильназ Жумагалиева, Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 9-сынып оқушысы Шұғыла Аманқұл, Мақат ауданы Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Амина Аманкелді, Индер ауданы Қ.Есқалиев атындағы орта мектебінің 10 - сынып  оқушысы Айкөркем Төлекова, Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 10-сынып  оқушысы Анель Талғат, Қызылқоға ауданы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің  11-cынып оқушысы Айдана Аманғали, Атырау қаласы Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінің 11-cынып оқушысы Бибінұр Мырзаева, Құрманғазы ауданы Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебінің 11-cынып оқушысы Дана Көпбосынова иемденді. 

Айта кетейік, жүлделі 1-орын иегерлері республикалық додада облыс намысын қорғайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #республикалық олимпиада
Объявления
live comments feed...