
12:00, 21 марта 2023 г.
Атырауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атырауда көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының кубогі өтуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Дүбірлі додада еліміздің 13 өңірінен келген 200-ден астам гимнастшы қыздар жекелей және топтық бағдарламалар бойынша бақ сынауда. Көркем қимылмен, ерекше киінген қыздар өнерлерін ортаға салып, көрерменге гимнастиканың түрлі қимыл-әдісін көрсетті. Оларға еліміздің білікті жаттықтырушылары төрелік етті.
- Бүгінгі жарысқа қыздар екі бағдаралама бойынша бақ сынауда. Осы кубогтен кейін Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысамыз. Қазіргі уақытта топтық бағдарламада 1 разряд бойынша оқушыларым 3-орын алды, деді аға-жаттықтырушы Көклан Егеубаева.
Айта кетейік, бүгінде Атырау облысының көркем гимнастикасына 20 жыл. Аталған спорт түрімен облыста 500-ден астам тұрғын айналысады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:08
16 сентября
17:38
16 сентября
19:04
15 сентября
17:50
15 сентября
18:11
14 сентября
Объявления
11:29, Сегодня
53
11:07, 14 сентября
12
09:50, 1 августа
11:29, Сегодня
15