
14:00, 3 марта 2023 г.
Атырауда «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік күні өтті

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бүкіләлемдік «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Іс-шара барасында құтқарушылар мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне құтқару техникасы мен құрылғылары көрсетіп, оларды қолдану жайында түсінік берді. Қызығушылық танытқандарға өрт сөндіру көлігіне отыруға, авариялық-құтқару құрал-жабдықтарын көруге және естелік суретке түсуге мүмкіндік берілді.
- Бүгін 1 наурыз - бүкіләлемдік «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат - халықтың арасында азаматтық қорғаныс ұғымын түсіндіру және өрт-сөндірушілердің бір күндік өмірімен таныстыру. Іс-шара барысында құтқаруышлардың күн тәртібіне сай қызмет атқаруы, дауыл бойынша шығулары және оқу мұнарасының төртінші қабатынан құтқару тәсілдері кеңінен көрсетілді, деді Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Расул Каримоллаев.
Айта кетейік, аталған іс-шараға колледж және мектептерден 70-тен астам оқушы қатысты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:35
18 сентября
17:57
18 сентября
18:07
17 сентября
18:08
16 сентября
17:38
16 сентября
19:04
15 сентября
17:50
15 сентября
18:11
14 сентября
Объявления
11:29, 18 сентября
15
11:07, 14 сентября
12
09:50, 1 августа
11:29, 18 сентября
53