• Главная
  • «Құсбегіліктен» ересектер арасында өткен XVI чемпионатта Қазақстанның үздік бүркітшілері анықталды
13:00, 27 февраля 2023 г.

«Құсбегіліктен» ересектер арасында өткен XVI чемпионатта Қазақстанның үздік бүркітшілері анықталды

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі.

фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы, Жаңаталап ауылында еліміздің дәстүрлі, төл спорты құсбегіліктен ересектер арасында XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ең үздік көрсеткіштерге ие болған жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды. Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, республикалық «Құсбегілік» федерациясы мен Атырау облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. 

Ересектер арасында «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XVI чемпионатында бүркітшілер сайысы бойынша «Қарашолақ» құсын баптаған Күнтуған Арманбек жеңімпаз атанды. Екінші орында Абай облысынан келген Байқадамов Ерзат, ал үшінші орында Күнтуған Серікбек (Астана қаласы) пен Қошқаров Арман (Атырау облысы) тұрақтады. 

Қаршығаны қолға шақырудан Түркістан облысының өкілі Аршабай Дәурен бас жүлдені иеленді. Жүлделі екінші орынға Кеуенов Бағдат ие болса, үшінші орынды елордалық Күнтуған Серікбек пен Рауильұлы Құдайберген өзара бөлісті. 

Ал ителгі салудан Ақмола облысынан келген Кенжетаев Ерланға тең келер құсбегі болған жоқ. Жүлделі екінші орында Жамбыл облысының намысын қорғаған Бабажан Бақдәулет, ал үшінші орында Түркістан облысын бастаған Базарбаев Ибрагим мен Кеуенов Бағдат тұрақтады. 

Осылайша, командалық есепте Түркістан облысының құсбегілері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде қанжығылап, көш бастады. Астана қаласы және Ақмола облысының өкілдері екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #«Құсбегілік»
Объявления
live comments feed...