• Главная
  • Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті қызметкерлерінің арасында шағын футбол мен волейболдан өңірлік іріктеу туры өтті
16:00, 25 февраля 2023 г.

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті қызметкерлерінің арасында шағын футбол мен волейболдан өңірлік іріктеу туры өтті

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде батыс өңірінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті қызметкерлерінің арасында шағын футбол мен волейболдан өңірлік іріктеу туры өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тартысты додаға Атыраудан өзге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының құрама командалары қатысты. Аталған іс-шараға қатысушыларды облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерұлан Серікқалиев құттықтап, спорттық жарыстар салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, ұжымды біріктіретінін атап өтті.

- Спорт біздің қызметкерлеріміздің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Волейбол - командалық спорт түрі. Осы ретте біртұтас тетікке айналу, бір-бірін сөзсіз түсіну, сақтандыру және қолдау, содан кейін бірге жеңіске қуану - ұжымдық рухты дамытады. Бұл - құқық қорғау қызметінің қызметкерлері арасында маңызды. Жарыс әділ түрде өтуін, бүгін ең мықтылар жеңіске жетуін тілеймін,- деді Е.Серікқалиев. 

Жарыстың нәтижесі бойынша шағын футболдан Атырау облысының командасы 1 орын иеленді. 2 орынды Маңғыстау құрама командасы алса, 3 орынға Ақтөбе облысының ойыншылары қол жеткізді. Ал волейболшылар арасында кубокты Батыс Қазақстан облысынынан келген қызметкелер жеңіп алды. Бұл ойында екінші орынды Атырау командасы, үшінші орынды Маңғыстау облысы иеленді.  

Айта кетейік, енді екі ойын бойынша да үздік атанған кұрама Астанада өтетін республикалық турнирдің басты олжасы үшін бақ сынайтын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #шағын футбол
Объявления
live comments feed...