18:02
Вчера
фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Жайық» спорт кешенінде 12-22 ақпан аралығында Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтті. «Атырау» волейбол командасы 71 ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алды деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Тартысты додаға 8 қоманда қатысты. Ойынның соңғы күні өңірлік волейболшылар Орал қаласының «Жайық» құрама командасымен алаңға шықты. Қарсыластарын 3/0 есебімен жеңіп, 2-орынға ие болды.
- Біз ҚР чемпионатының 4-ші турында жақсы нәтиже көрсеттік. Ойын өте тартысты өтті. Ендігі кезекте команда Павлодар қаласында өтетін плей-офф кезеңіне дайындығын бастайды,- деді клубтың құрылтайшысы, облыстық волейбол федерациясының директоры Ғабиден Кайржанов.