• Главная
  • Атырауда Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті
12:00, 18 февраля 2023 г.

Атырауда Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда YEMAA заманауи мәдениет орталығында Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

YEMAA заманауи мәдениет орталығы - заманауи өнерді дамытуға және аймақтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көпсалалы ашық өнер орталығы. Жылжымалы көрмені өткізудің мақсаты – көрермендерге Қазақстанның бейнелеу өнерін насихаттау және танымал ету, музей қорындағы туындылармен, мәдениетпен, тарихпен, өнермен танысу, өнер туралы білімдерін кеңейту. Көрмеге музей қорынан портрет жанрындағы 10 жұмыс қойылды. Олар Ш.Сариевтің "Қызғылт киімдегі қыз", "Сыйыну", С.Романовтың "Айжан дос қызымен", А.Утаралиевтің "Табылды Досымовтың портреті", Р.Говеоның "Мексикалық суретші Фрида Калоның портреті", Н.Наседкиннің "Тон киген шопан", А.Ғұбашевтің "Шәкәрім Құдайбердиев", М.Қалимовтың "Аспирант Асқанбаеваның портреті", А.Школьныйдың "Батум флоты теңізшісінің портреті". 

- Көрме - адамдарды шығармашылықпен таныстырудың бір жолы. Қазіргі уақытта мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылып, көпшілік арасында танымал болып келеді. Бізде бүгін өзіміздің музей өнер қорындағы туындылармен, мәдениетпен, тарихпен халықты соның ішінде жастарды таныстырғымыз келді, деді Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі басшысының орынбасары Назгүл Нугманова.

Сондай-ақ, іс-шарада YEMAA заманауи өнер орталығы мен Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі арасында бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған серіктестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, өзара тиімді бағдарламаларын іске асыру үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #көрме
Объявления
live comments feed...