• Главная
  • Атырауда маусымдық жұмыстармен айналысатын шетелдіктер көбейеді
16:00, 17 февраля 2023 г.

Атырауда маусымдық жұмыстармен айналысатын шетелдіктер көбейеді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атыраулық шаруагерлердің ұсынысымен биыл шетелдік жұмыс күшінің маусымдық қызметі үшін 800 квота бөлінді. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының жергілікті шаруа қожалық иелерімен кездесу жиынында айтылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

— Біздің негізгі мақсат – шетелдік жұмыс күшін азайтып, жергілікті адамдарды жұмыспен қамту. Алайда, шаруагерлердің ұсынысын ескеріп, биыл маусымдық квота санын 800-ге көбейттік. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп,- басқарманың бөлім басшысы Мейрамбек Алдияров. 

Сонымен қатар, жиын барысында шаруагерлерге Е-лицензиялау веб-порталы арқылы қызмет алу жолдары түсіндірілді.

Айта кетейік, маусымдық қызметтер ақпан айының 15-де басталып, қарашаның 15-де аяқталады. Ал, жылыжай қызметтері жыл бойы жүргізіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #шетелдіктер
Объявления
live comments feed...