• Главная
  • Атырауда «Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті
18:00, 13 февраля 2023 г.

Атырауда «Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы - Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласындағы Абай орталығында өткен дәстүрлі оқушылар айтысына аудан және қала мектептерінен 8 жас айтыскер қатысты. Айтыскерлер «Тақырыптық айтыс» және «Қайым айтыс» номинациялары бойынша бақ сынасты.

-Аламан айтыстың басты мақсаты – қазақтың төл өнерін жастар арасында насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу. Бүгінгі айтыста үш жұп  «Тақырыптық айтыс», бір жұп  «Қайым айтыс» номинациясы бойынша бақ сынап, жас ақындар қазылар алқасын да, көрермендерді де тапқырлығымен, суырыпсалмалығымен, ұтымды жауап қайтаруымен  тәнті етті,- деді облыстық Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» директоры Руслан Сарбалин.

Айтыс қортындысы бойынша бас жүлдені Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Марсель Ерсаинов қанжығылады. І дәрежелі дипломмен Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 8-сынып оқушысы Али Зайыр мен Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Айбек Айболат иемденді. ІІ дәрежелі дипломмен  Қызылқоға ауданы Қарабау орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрдаулет  Жылқышы мен Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің 8,10-сынып оқушылары Досмұхамбет Сатыбалдиев пен Әсемай Берік марапатталды. ІІІ дәрежелі диплом Жылыой ауданы №5 Абай атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Райгул Мурат пен Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дана Жалғасбайқызына бұйырды. 

Айта кетейік, айтыстың бас жүлде және  1-орын иегерлері республикада өтетін оқушылар айтысына жолдама алды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #айтыс
Объявления
live comments feed...