• Главная
  • «Darmen» қосымшасын қолдана біліңіз!
18:00, 9 февраля 2023 г.

«Darmen» қосымшасын қолдана біліңіз!

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты жедел түрде хабардар ету үшін мобильді қосымшаларды пайдалану өзекті болып табылады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Еліміздің тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «I2NIK» компаниясымен бірлесе отырып, «Darmen» мобильдік қосымшасын іске қосты. «Darmen» мобильді қосымшасы «Play market» және «App store» жүйелерінде қолжетімді. Қазіргі уақытта еліміздің мыңдаған интернет желісін пайдаланушылары мобильді қосымшаны қолдануда. 

Мобильді қосымша дауылды ескерту, сейсмикалық қауіп-қатерлерді және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алуда, сондай-ақ қысқы кезеңде ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабарламаны дер кезінде ата-аналар мен мектеп оқушыларға жеткізу үшін өте ыңғайлы және тегін қосымша болып табылады. 

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары, «Darmen» мобильді қосымшасын пайдалану немесе басқа да сұрақтар туындаған жағдайда Атырау облысының Төтенше жағдай департаментінің 45-01-61 телефонына  қоңырау шалуға болатындығы ескертіледі.

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Darmen"
Объявления
live comments feed...