• Главная
  • Атыраудағы орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен ізгілік шарасы өтті
18:00, 4 февраля 2023 г.

Атыраудағы орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен ізгілік шарасы өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара аясында 25 отбасына мал еті таратылды. Олар әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарға, көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді. 

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жұмыс бағыты. Ізгілік бағытындағы шараларымыз жалғасады. Мұқтаж жандарымыз мешітке келіп, қамқорлықты сезініп жатса, бұл біздің мақсатымыздың орындалғаны,- деді А.Ұтысханұлы. 

Оның айтуынша, мұқтаж шаңырақтардың қатарында асыраушысынан айырылғандар, сырқат адам асырап отырған отбасылар және көп балалы аналар бар. Жалпы қайырымдылық бағытында былтыр облыс мешіттерінде 1167 іс-шара өтті. 91​ 853 адамды қамтыған қайырымдылық шаралары арасында «Көшпелі керуен», «Жылулық сыйла», «Мектепке жол», «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» сынды атаулы қайырымдылық акциялары бар.

Айа кетейік, осыған дейін облыс мешіттерінде 247 отбасына азық-түлік, киім, қаржылай көмек көрсетілген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының​ «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық жобасы аясында 12 мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #қайырымдылық орталығы
Объявления
live comments feed...